СҚО-да бедеулік бойынша 700-ге жуық отбасы есепте тұр. Өткен жылы «Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында ЭКҰ жүргізуге 208 квота бөлінді. Көмекке жүгінген әйелдердің 50% — ы жүкті болды. Қазірдің өзінде елу бала туды, оның ішінде 16 жұп егіздердің ата-анасы атанды. Бұл туралы перинаталдық орталықтың директоры Елена Калюжная айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Өткен жылы СҚО-ға 208 квота бөлінді. Ақмола облысының мамандары квоталарды игеруге көмек сұрағандықтан, тағы 10 әйел бағдарламаға қатысты. Биыл 203 квота бөлііп отыр, қазірдің өзінде 75 жұп рәсімдуден өтті, — деді Елена Калюжная.
Былтыр қараша айында ұрықты перинаталды қорғау бөлімі ашылды. Қымбат жабдықтар сатып алынып, онда жұмыс істеу үшін мамандар оқытылды. Енді болашақ аналарға генетикалық зерттеулер жүргізу үшін ана мен бала орталықтарына жүздеген шақырым жол жүрудің қажеті жоқ. Елена Калюжнаяның айтуынша, жаңа жабдықтың арқасында 40-қа жуық түрлі патология анықталады. Өткен жылы ғана ұрықтағы патологияның алдын алу бойынша 380 комиссия жүргізілсе, биылдың өзінде 170 –сі өткізілді.
Қазіргі күні өңірде 3400 жүкті әйел есепте тұр.
Фото ашық дереккөздерден.