Петропавлда ХҚКО құжаттарды үйге жеткізіп береді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдықтар дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізуге тапсырыс бере алады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жаңа қызмет түрі іске қосылды. Үйге жеткізу қызметі анықтамалар мен құжаттардың 150 түрі бойынша қолжетімді, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұрын тапсырыс берілген құжат дайын болған сәтте клиентке  жеткізу сервисін пайдалану туралы  SMS-хабарлама келеді.  Келіскен жағдайда клиент жеке сілтеме бойынша өтіп,  мекенжайын толтырады. Бұдан әрі қала шегінде жеткізу құнын төлеу қажет. Жеткізу құны —  970 теңге. Курьер поштаны тапсырыс берілген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде әкеліп береді. Бұл қызметті Петропавл қаласының №1, №2,№3 ХҚКО бөлімшелерінде пайдалануға болады.

Фото ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz