Жыл басынан бері 27 мыңнан астам солтүстікқазақстандық жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Статистика көрсетіп отырғандай, жол қозғалысы ережелерін бұзғандардың көбі жылдамдық режімін сақтамағандар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Полицейлер елді мекендерде сағатына 60 км- ден, бірақ тиісті жол белгілері қойылған арнайы қозғалыс режімдерін қоспағанда, сағатына 90 км-ден аспайтын, үйлердің ауласында сағатына 20 км-ден аспайтын жылдамдықпен жүруіне рұқсат етілетінін еске салады.
Жылдамдықты асырғаны үшін 5-тен 30-ға дейінгі АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Жалпы, тәртіп сақшылары жыл басынан бері 11 мыңнан астам жол ережесін өрескел бұзу фактілерін анықтады. Көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлескен 1402 адам тоқтатылды.
Фото ашық дереккөздерден.