Қызылжар ауданында «Тұлпар СҚО» ат клубы ашылды. Салтанатты шара барысында бағалы сыйлықтар ойнатылып, өнерпаздар ән мен жыран шашу шашты. Ең бастысы қонақтар атқа мініп серуендеу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Соңғы кезде иппотерапия кеңінен қанат жаюда, яғни адамдарды жылқыға мінгізіп емдеу өз тиімділігін көрсетті. Атқа міну — сал ауруына шалдыққандарға оң әсер ететіні ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Ат клубы осы бағыттың дамуына ықпал етеді.
— Бұл біздің ұрпағымыз, бәрін біріктіретін нәрсе. Біз әсіресе көмекке мұқтаж балаларға назар аударамыз. Тағы бір жаңалық — қоғамдық негізде қайырымдылық қорының ашылуы. Иппотерапия арқылы жақсылық жасаймыз, — дейді кәсіпкер Думан Қасым.
Ат клубында үш жылқы бар, екі жаттықтырушы жұмыс істейді, болашақта кеңейту жоспарланып отыр.
Фото ашық дереккөздерден.