30 мамыр мен 1 маусым аралығында Петропавлда Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының арасында футзалдан III желілік спартакиаданың финалдық кезеңі өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жартылай финалда Шымкент және Петропавл қаласы мектептерінің қыздар арасындағы командалары бірінші орынға таласты. Іріктеу кезеңінде екі команда екі қарсыластан жеңіп, бір командамен тең түсті. Бірақ соңғы ойында оңтүстіктен келген қонақтар екі рет қателесіп, өз қақпаларына автогол соқты. Осылайша, 3:0 есебімен алаң иелері жеңімпаз атанды. «Қола» медаль Оралдан келген оқушыларға бұйырды.
Ұлдар арасындағы тартысты бәсекеде Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі қола медальға ие болды. Ал финалда Нұр-сұлтан мен Петропавл мектептерінің оқушылары кездесті. Солтүстікқазақстандық жігіттер елордалық қонақтарды жеңіп, алтын медальді жеңіп алды.
— Футзал бойынша желілік спартакиада Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында дәстүрлі жарысқа айналды. Іс-шараның мақсаты-саламатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың физикалық даму деңгейін арттыру, командалық рух пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу, НЗМ мектеп оқушыларының салауатты бәсекелестік мәдениетін қалыптастыру, — деп хабарлады мектептің баспасөз қызметі.
Спартакиадаға 16 команда қатысты.
Фото ашық дереккөздерден.