Петропавл НЗМ командалары футзалдан Спартакиада жеңімпазы

Авторы: Qyzyljar News

30 мамыр мен 1 маусым аралығында Петропавлда Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының арасында футзалдан III желілік спартакиаданың финалдық кезеңі өтті, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жартылай финалда Шымкент  және Петропавл қаласы  мектептерінің  қыздар арасындағы командалары  бірінші орынға таласты. Іріктеу кезеңінде екі команда екі қарсыластан жеңіп, бір командамен тең түсті. Бірақ соңғы ойында оңтүстіктен келген қонақтар екі рет қателесіп,  өз қақпаларына автогол соқты. Осылайша, 3:0 есебімен алаң иелері жеңімпаз атанды. «Қола» медаль Оралдан келген оқушыларға бұйырды.

Ұлдар арасындағы тартысты бәсекеде Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі қола медальға ие болды. Ал финалда   Нұр-сұлтан мен Петропавл мектептерінің оқушылары кездесті. Солтүстікқазақстандық жігіттер елордалық қонақтарды жеңіп, алтын медальді жеңіп алды.

— Футзал бойынша желілік спартакиада Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында дәстүрлі жарысқа айналды. Іс-шараның мақсаты-саламатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың физикалық даму деңгейін арттыру, командалық рух пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу, НЗМ мектеп оқушыларының салауатты бәсекелестік мәдениетін қалыптастыру, — деп хабарлады  мектептің баспасөз қызметі.

Спартакиадаға 16 команда қатысты.

whatsapp image 2022 06 02 at 15.22.27whatsapp image 2022 06 02 at 15.22.26

Фото ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz