Петропавлда күлімсі иісті жоюға 124 млн. теңге жұмсалады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл тұрғындары қолқаны қабатын күлімсі иістің қайта пайда болғанына наразы,    деп хабарлайды   Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Экология департаменті күкіртсутегінің жағымсыз исін жою бойынша жұмыстар  «2020-2025 жылдарға арналған экологиялық проблемаларды кешенді шешу жөніндегі Жол картасына»  енгізілгенін атап өтті. Қазіргі күні  «Қызылжар су» бұл мәселені шешуді жоюды қолға алған.

-Компания өз  қаражаты есебінен  биотоғанды  альголизациялау    үшін «Судың ғылыми-технологиялық орталығы» ЖШС-мен   124,6 млн. теңгеге шарт жасасты. Өткен жылдың тамыз айында 4 мың тонна көлемінде хлорелла микробалдыры   жіберілді.  Биыл тағы       19 мың литр хлорелла   құйылды, бұған қоса   аралық су қоймасына 1,5 мың литр енгізілді, — деп хабарлады департамент өкілдері.

«Қызылжар су» ЖШС  өкілдері болса, микробалдырлардан 2023 жылға қарай ғана нақты нәтиже болатынын атап өтті. Әзірге күлімсі иістен арылу мүмкін емес.

Фото Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz