Солтүстікқазақстандық құтқарушылар шомылу маусымына дайындалуда. Өңірдегі бірқатар су айндындарындағы жағдай алаңдаушылық тудырып отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Марат Мұратовтың айтуынша, облыстағы ең қауіпті су айдындары — Есіл өзені мен Пестрое, Соленое, Лебяжье, Үлкен Тораңғұл, Шалқар және Имантау көлдері.
— 12 көл мен Есіл өзенінде орналасқан 58 жағажайда ғана шомылуға рұқсат етіледі. Өткен жылы біздің облыста 22 адам суға кетті, оның алтауы бала. Соңғы 9 жылда бейресми бұқаралық демалыс орындарында 211 адам, оның ішінде 33 бала қаза тапты. Ал жабдықталған жағажайларда бірде-бір қайғылы оқиға болған жоқ, — деді Марат Мұратов.
Мырзабай БЕЙСЕН
Фото: ашық дереккөздерден.