Солтүстікқазақстандық полицейлер іздеу жариялаған екі қылмыскер Ақтөбе облысынан табылды. Халықаралық іздеудегі тағы бір қылмыскер облыс аумағында қолға түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өткен жылы Ақтөбе қаласының 28 жастағы тұрғынына Солтүстік Қазақстан облысында есірткі қылмысын жасағаны үшін іздеу жарияланды. Ал оның жерлесі автокөлік ұрлығы үшін іздеуде жүрген. 3 айға созылған іздестіру іс-шараларынан кейін солтүстікқазақстандық жедел уәкілдерге жігіттің Ақтөбеде жүргені туралы ақпарат келіп түскен. Полицейлер Ақтөбедегі әріптестеріне хабарласып, қылмыскерді қолға түсіді.
РФ Түмен қаласының 38 жастағы тұрғынын полицейлер бір ай бұрын СҚО-ның Мамлют ауданында құрықтады. Оны есірткінің заңсыз айналымы үшін ресейлік жедел уәкілдер іздестірген. Қазіргі уақытта қылмыскерлер қамауға алынды, тергеу жүргізілуде.
-Жыл басынан криминалдық полиция қызметкерлері Қазақстанның басқа өңірлерінде іздеу жарияланған 4 қылмыскерді, ресейліктер іздеу салған 12 қылмыскерді анықтады. Облыс аумағында 21 қылмыскер іздеуде болған, оның 17-сі ұсталды. Бұдан бөлек, өткен жылдары қылмыс жасаған 10 адамның жүрген жері анықталды, — деді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.
Фото: ашық дереккөздерден.