Мемлекеттік ту көтерген автокөліктер легі Петропавл көшелерінің бойымен жүріп өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Шеруге автоклубтар мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Акцияның басты мақсаты — қала тұрғындарының патриоттық сезімдерін нығайту. Автошеру әуежайдан басталды. Колоннада 30 көлік жүрді.
Сондай-ақ, мемлекеттік рәміздер күніне орай қала тұрғындарының өтініші бойынша көп қабатты үйлердің балкондарына мемлекеттік ту ілінді.
Фото: @open_petropavl Instagram аккаунтынан.