СҚО-да 648 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО референдум комиссиясының мәліметінше,  өңірде 648 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп жатыр. Таңертеңнен бастап дауыс берушілердің легі азаяр емес. Жалпы бүгін облыста 379 620 адам құқығын пайдаланып, референдумға қатыса алады. Ал белгілі бір себептермен учаскелерге келе алмайтындарға арнайы жәшік үйіне апарылады. Тек ол үшін дауыс берушінің өтініші болса болғаны, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Таңертең барлық учаскелер ашылды, қазір штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Бүгін учаскелерде комиссияның 3725 мүшесі жұмыс істейді. Барлығы арнайы курстан өткен, сертификаттары бар. Олардың міндеті сайлаудың еш құқық бұзушылықсыз, әділ әрі заңға сай өтуін қадағалау, — дейді СҚО референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Сергей Калинин.

СҚО ішкі саясат басқармасының мәліметінше, бүгін референдум учаскелерінің барлығында жәрмеңке өтіп жатыр. Бұл жерде дауыс берушілер тұрақтандыру қорының бағаларына сай азық-түлікті, соның ішінде көкөністі, қант, жармалар мен сұйық майды нарықтағыдан арзанға сатып ала алады.

Бұл күні өңірдің шығармашылық ұжымдары да жұмыс істеп, сайлау учаскелерінде келушілерге концерттік бағдарлама ұсынады.

Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz