Петропавлдағы № 595 референдум учаскесі өз жұмысын таңғы сағат 7-ден бастады. Бұл жерде кешкі сағат 20-00-ге дейін 1336 петропавлдық дауыс беруі тиіс. Референдумға өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов та қатысып, таңдау жасады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бір айдан астам уақыт бойы түрлі деңгейдегі депутаттар, қоғам белсенділері халықпен кездесулер өткізіп, елімізде жүргізіліп жатқан референдумның маңыздылығын түсіндірді.
— Бүгінгі референдумда еліміздің болашағы айқындалады. Халық өзгерістерді күтіп отыр. Мемлекет басшысы ұсынған өзгерістер халықтың қойып отырған сұрақтарына жауап береді, — деді Құмар Ақсақалов.
Фото: ашық дереккөздерден.