Актриса Самал Есләмова референдумда дауыс берді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

  Белгілі актриса Самал Есләмова конституциялық құқығын пайдаланып, № 595 референдум учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлдағы балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығы орталығында орналасқан № 595 референдум учаскесінде белгілі актриса, Канн фестивалінің үздігі атанған Самал Есләмова дауыс берді. Солтүстік Қазақстан облысы Аралағаш ауылының тумасы бұл жолы да таңдауын туған жерінде жасады. Сол үшін астанадан арнайы келген.

-Адам баласы болған соң жақсылық күтеміз, үмітіміз зор. Конституциялық түзетулердің жалпы негізгі идеясы – мемлекеттік құрылыс нысанын өзгерту ғой. Болашаққа сенімім зор, өмір сүру деңгейі тек жақсара түседі деп ойлаймын. Ол үшін әр қазақстандық та жұмыс істеуі керек, — дейді Самал Есләмова.

 

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz