Ұлттық газ операторының қаржылық тұрақтылығын қолдау үшін Қазақстанда көтерме бағаларды кезең-кезеңімен көтеруге бағытталған ұзақ мерзімді баға және тарифтік саясат енгізіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Осыған байланысты, Энергетика министрлігі «ҚазақГаз» мекемесімен бірлесіп тұтынушылардың жаңа санатын — цифрлық майнингті жүзеге асыратын ірі коммерциялық тұтынушылар санатын заңнамалық түрде енгізу бойынша мәселені пысықтауда, — деді Энергетика министрі Болат Ақшолақов Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.
Оның айтуынша, бұл шара ұлттық оператордың қосымша шығындары азайтып, халық үшін, оның ішінде әлеуметтік осал топтар үшін арзан бағаны ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Министр 2021 жылдың қорытындысы бойынша елді газдандырудың жалпы деңгейі 57,67% — ын құрағанын, яғни 11 млн. адамға газдың қолжетімді болғанын атап өтті.