8 маусымнан бастап ел азаматтары мен шетелдіктер үшін Қазақстан шекарасын кесіп өтерде вакциналау мен ПТР тест анықтамасын көрсету міндеттелмейді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Мұндай оң өзгеріс елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына байланысты енгізіліп отыр. 8 маусымнан бастап Қазақстан азаматтары мен шетелдіктерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын құжаттық растау бойынша, ал болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19 зерттеуінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсыну талабын алып тастау туралы; республиканың жеті өңіріндегі Қазақстан республикасы мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде уақытша жабылған 12 автомобиль өткізу бекетіне жұмыс істеуге салынған тыйымды алып тастау туралы шешім қабылдады.
Фото: ашық дереккөздерден