Петропавлда 5 жастағы қызды ата-анасы балабақшадан уақытында алып кетпеген

Авторы: Qyzyljar News

5 жастағы қызды ата-анасы балабақшадан уақытында алып кетпеген. Баланы тұрғылықты жеріне әкелген тәрбиеші пәтерлерінің есігі ашық тұрғанын байқап, полицияға хабар берген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ювеналдық полиция қызметкерлері тұрғындардың үйіне барып, спирттік ішімдікке тойып алған ата-анасын ұйықтап жатқан жерлерінен оятқан.

-Пәтердің ішіндегі шашылған шөлмектерден аяқ алып жүргісіз. Медициналық куәландыру қыздың ата-анасы мас күйде болғанын көрсетті. Аталған факті бойынша әкесі мен анасына қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша әкімшілік материалдар жиналды. Әйел бұған дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылған, – дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор Динара Мұқанова.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналдық полициясы есебінде тұрмысы төмен 242 отбасы тұр. Биылғы жылы 26 солтүстікқазақстандық ата-ана құқығынан айырылса, 6-ның ата-ана құқығы шектелді. Ата-аналық міндеттерін орындамау фактілері бойынша 418 материал жиналды.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz