Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының өкілдері облыста 375 тонна қант бар екенін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, азық-түлік корпорациясы арқылы тағы 204 тоннасы сатып алынады. Мемлекеттік органдар тұрақтандыру қорына былтыр жеткізілген қант сатылып жатқанын мәлімдеді. Тауардың бағасы өзгермеген.
— Биыл 12 вагон немесе 816 тонна қант сатып алынды. Тұрақтандыру қоры қанттың бір келісін 350 теңгеден сатуда.Ондағы өнім барлық ірі сауда желілеріне жіберіледі. Бөлшек сауда желісіне және кондитерлік кәсіпорындарға қанттың коммерциялық көлемін «Кант СК» ЖШС, «Инсар» ЖШС, «Козлова» ЖК фирмалары 485 теңгеден жеткізеді, — деп хабарлады басқарма өкілдері.
Сонымен қатар, өңірде қантқа деген сұраныс артып келеді. Тұрғындар қантты сатып алу үшін кезекке тұратын болған.
Фото: ашық дереккөздерден