Жыл басынан бері облыс аумағында заңсыз алкоголь сатудың 74 фактісі тіркелді

Авторы: Qyzyljar News

Биылдыққа өңірде алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың 74 фактісі анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстікқазақтандық полицейлер мас күйде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушулықтардың алдын алу мақсатында рейдтік және профилактикалық іс-шаралар өткізіп тұрады. Нәтижесінде, Ғабит Мүсірепов ауданының учаскелік полиция инспекторлары алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактісін анықтады. Елді мекенде ішімдік сатқан әйелдің үйінен 90 литрге жуық алкогольдік өнімдер тәркіленді.

-Учаскелік инспекторлар бекітілген әкімшілік учаскелерінде үй-үйді аралап, қылмыс жасауға және спирттік ішімдік ішуге бейім тұлғаларды анықтайды. Профилактикалық сипаттағы шаралар қолданып, маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жібереді. Еске сала кетейік, заңнамада алкоголь өнімін тиісті лицензиясыз сату үшін он бес айлық есептік көрсеткіштен бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу көзделген, — дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Марат Әлжанов.

Жыл басынан алкоголь өнімдерін заңсыз сатқаны үшін 74 солтүстікқазақстандық жауапкершілікке тартылып, 1477 литр алкоголь тәркіленді.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz