«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

Авторы: Qyzyljar News

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған байқауда«Үздік мақала», «Үздік телебағдарлама» және «Үздік сайт мақаласы» аталымдары бойынша байқауға қатысқан 15 журналистің ішінен жүлдегерлер анықталып, оларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Шығармасы үздік деп танылған үш журналист республикалық кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Байқау нәтижесі бойынша «Үздік мақала» аталымында «Айқын» республикалық газетінің өңіріміздегі меншікті тілшісі Роза Шәкенова – I, облыстық «Soltüstık Qazaqstan» газетінің экология және туризм бөлімінің меңгерушісі Бектұрған Лақадыл – ІІ, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Новости Приишимья» газетінің тілшісі Лариса Борисенко IІІ орынға ие болды.

Ал «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігінің Қызылжар өңірі бойынша тілшісі Ақерке Қабыкеева«Үздік сайт мақаласы» аталымында бірінші, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы Гүлгүл Төлешова – II, облыстық 7152.kz ақпараттық порталының тілшісі Дарья Пешкова III орынды жеңіп алды.

Облыстық «Qyzyljar» телеарнасының тілшілері Мағжан Қазбекова, Майгүл Қажжан, Наталья Аитовалар «Үздік телебағдарлама» аталымы бойынша жүлдегер атанды.

Фото Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz