СҚО тұрғыны түзету мекемесіндегі жұбайына 2500 теңге бермек болған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны жұбайына мекемеде 2500 теңге беруге тырысып, бір жылға кездесу мүмкіндігінен айырылды, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz  тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемелеріне ұзақ мерзімді кездесулерге келген сотталғандардың туыстарына рұқсат етілген заттар тізімі туралы ұдайы айтылғанымен,    тыйым салынған заттарды мекеме аумағына әртүрлі тәсілдермен әкеліп, өткізуге тырысады.

СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесіне жұбайымен ұзақ кездесуге келген әйел адамның  жеке заттарын тексеру кезінде жазба кітапшасынан 2500 теңге сомасында ақша   табылды.

— Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша материал жиналып,  шешім қабылдау үшін Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен әйелге «ескерту» жасалып,  жұбайымен кездесуге бір жыл  шектеу қою   түрінде әкімшілік жаза қолданылды, — деді СҚО бойынша ҚАЖД бастығы   Рустан Ахметжанов.

Егер бұл жағдай қайталанатын болса   20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 2-бөлігіне сәйкес 30 тәулікке дейін қамауға алынады.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz