Николай Погодин атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театрында қазақстандық заманауи драматургтердің шығармалары оқылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Театрдың баспасөз қызметінің мәліметінше, шара 15-і және 16 маусым күндері өткізіледі. Кіру тегін, бірақ жас ерекшеліктері бойынша шектеулер бар. 15 маусым күні сағат 18.00 — де Камилла Ибраеваның «Голоса в темноте» пьесасы оқылады, режиссері — Елена Покрас. Шығарма мектептегі ереже бұзушылықтарға қатысты. Жас шектеуі — 16+.
Сағат 20.00 – де Нұрайна Сәтпаеваның «Грехопадение свинки Пеппы» пьесасы оқылады, режиссері — Ярослав Чумак.
16 маусым сағат 16.00 — де Тони Шипулинаның «Муха» пьесасы, режиссері – Ринат Исмаилов. Жас шектеуі-16+.
Сағат 18.00-де Айнұр Кәрімнің «Летящей походкой» пьесасы оқылады.
— Театр «Города» жобасына қатысып жатыр. Шара облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтуде», — деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі.
Фото Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев