«Ұлы дала рухы» облыстық спорт фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Авторы: Qyzyljar News

Оқушылар арасында ұлттық спорт түрлерінен өткен «Ұлы дала рухы» облыстық фестивалі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Фестиваль Бескөл ауылында спорттың 6 түрі бойынша ұйымдастырылды. Додаға 10 команда қатысып, бақ таластырды. Нәтижесінде, «Қазақ күресінен» Қызылжар ауданы чемпион атанды. 2 орын шалақындықтарға бұйырса, Петропавл қаласының оқушылары 3 орынға жайғасты.

whatsapp image 2022 06 13 at 15.14.05

Тоғызқұмалақ ұлттық ойыны бойынша 1 орын Аққайың ауданына, 2 орын Шал ақын ауданы, 3 орын Ақжар құрамасына бұйырды.

Бес асықтан 1 орынды Уәлиханов ауданы, 2 орынды Жамбыл ауданы, қола жүлдеге Шал ақын ауданының қатысушылары ие болды. Жасөспірімдер арасында: 1 орын — Мамлют, 2 орын — Уәлиханов және 3 орын Жамбыл ауданына тиесілі.

«Қол күресі» бойынша жарыста Қызылжар ауданы үздік атанды, облыс орталығының оқушылары 2 орынға табан тіресе, тайыншалықтар 3 орынды қанжығасына байлады.

Арқан тартудан Уәлиханов ауданынан келгенжеткіншектер қарсылас шақ келтірмеді. Ал Қызылжар ауданының оқушылары 2-орын иеленді. 3-орын аққайыңдық құрамаға бұйырды.

Жалпыкомандалық есеп бойынша Қызылжар ауданының білім беру бөлімі командасы 88 ұпай жинап чемпион атанды, 2 орынды 85 ұпай жинаған Уәлиханов ауданына, Шал ақын ауданына 3 орын бұйырды (76 ұпай), Петропавлдықтар 67 ұпай жинап, 4 — ші орынға, Жамбыл ауданы 66 ұпаймен 5-інші орынға жайғасты.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz