Этноауылдың ашылу салтанатына Тайынша ауданының 42 мектебі қатысты. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақты патриоттық сезімге, аға буын өкілдерін құрметтеуге тәрбиелеп, мектеп оқушыларының туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ұлттық мәдени кешенде қонақтарды халқымыздың бай тарихымен, мәдениетімен, өнерімен және салт-дәстүрімен таныстырады. Этноауылда қазақ музыкалық және театр өнерінің фестивальдері, сәндік-қолданбалы өнерден шеберлік сабақтары, қолөнер және көркемсурет көрмелері, этникалық музыка фестивалі, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және басқа да іс-шаралар өтеді.
Фото: СҚО Білім басқармасының Facebook-тағы парақшасынан