Соңғы 5 жылда елімізде медицина мамандарының тапшылығы екі есеге артты. Бұл туралы Есеп комитеті экономиканың нақты секторына аудит жүргізу департаменті директорының орынбасары Нұрлан Қатренов айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-2017 жылдан бастап 2021 жылға дейін тапшылық екі есе — 10 мыңнан 23 мыңға дейін артты. Бүгінде осы мәселені шешу лауазымдарды біріктіру арқылы жүзеге асырылып отыр. Қазір толық емес жұмыс уақытының жалпы коэффициенті 1,5-тен 2-ге дейін өзгерді. Мұның бәрі медицина мамандарына үлкен жүктеме әкеледі, — деді Нұрлан Қатренов.
Нұрлан Қатреновтің айтуынша, аудит қорытындысы бойынша дәрігерлерге түсетін шағым саны артқан.
-Сондай-ақ, медициналық білімі бар мамандардың шетелге кетуі жиілегені байқалады. Кейінгі бес жылда олардың саны 5 мыңға жетті. Сондай-ақ, медициналық білімі бар мамандар қартайып жатыр. Бүгінгі таңда зейнетке дейінгі жастағы дәрігерлер шамамен 30 пайызға жетті, — деді Нұрлан Қатренов.
Фото: ашық дереккөздерден