«Астана Аренада» УЕФА Ұлттар лигасы аясында өткен матчта Қазақстан құрамасы Словакияны 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтандағы кездесу қазақстандықтар үшін сәтті басталды. Алаң иелері үзіліске дейін екі гол соқты. 18-минутта Ян Вороговский қарсыластардың қақпасынн саңлау тапты. 39-минутта Елхан Астанов баспен дәл соққы жасап, жанкүйерлерін тағы бір қуантты. Қазақстан футболшылары матч соңына дейін жеңіс есебін сақтап қалды. Ойын соңына қарай Ондрей Дуда дөрекі ойнағаны үшін алаңнан қуылды. Қорытынды есеп — 2:1.
Қазақстан құрамасы C дивизионының 3-тобында көш басындағы орнын сақтап қалды. Команда төрт кездесуде 10 ұпай жинады.
Фото: ашық дереккөздерден