Есіл ауданында жылқы тұмауы тіркелгеніне байланысты Чириковка ауылында шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Тұяқтылар жаппай ауырып жатқан ауылдан жылқы мен оның өнімдерін шығаруға тыйым салынды. Бүгінде тиісті дезинфекциялық шаралар жүргізілуде.
-Мал шығыны тіркелген жоқ. Бұл – инфекциялық ауру. Жылқы демігіп, жөтеледі. Қызуы көтеріледі. Дерт адамға жұқпайды. Карантинге жабылған ауылда мониторинг жүргізіліп жатыр. Ветеринарлар ауырған малды емдеп жатыр. Айта кетейін, бұрын-соңды өңірде мұндай ауру тіркелмеген, — дейді облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Қайырлы Қазанов.
Фото: ашық дереккөздерден