СҚО-да 2 517 түлек ҰБТ тапсыруға өтініш берді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында ҰБТ-ға өтініштер қабылданды.  Солтүстік Қазақстан облысы мектептерінен 2 517 түлек тестілеуге қатысуға ниет білдірді,    деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz  тілшісі.

Оқушылар тестілеуді 2 рет тапсыруға   құқылы және жоғары  нәтиже бойынша гранттар конкурсына қатыса алады. Облыста тестілеуді «U-FUTURE» ЖШС екі жерде  өткізеді. Біреуі облыс орталығында, екіншісі  Ғабит Мүсірепов ауданының орталығы  Новоишим   кентінде орналасқан.

Пәндер саны өзгеріссіз қалады,  үшеуі  міндетті және екеуі  профильді. Жалпы  120 тапсырмаға жауап беруі тиіс.

Егер тестіленуші ҰБТ нәтижелерімен келіспесе, ол сондай-ақ тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде электрондық форматта апелляцияға өтініш беруге құқылы.

Фото: ашық дереккөзден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz