Петропавлда полицейлер мен еріктілер «Есірткісіз қала» стрит-арт акциясын өткізді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда 50-ден астам ерікті «Есірткісіз қала» стрит-арт акциясына қатысты. Іс-шара нашақорлықтың алдын алу бойынша республикалық айлық шеңберінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі

Петропавл қаласының  әкімдігі, СҚО іскер әйелдер кеңесі, қоғамдық қауіпсіздіктің ведомствоаралық тобы, облыстық   есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы өкілдері  «Динамо» стадионында жиналды.

Қалалық полицияның ерікті көмекшілер жасағы, сондай-ақ  облыстық  кәсіби-педагогикалық колледжінің еріктілеріне   есірткі жарнамасын ерекше жолмен бояу арқылы сурет салу  қажет болатын. Оларға суретші Мәдина Бакина көмектесіп, қабырғадағы жазбаларды қылқалам мен   баллон көмегімен стрит-арт стиліндегі түрлі-түсті панноға қалай айналдыруға болатынын көрсетті.

Сондай-ақ, еріктілер есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдерімен бірге орталық қалалық саябақты аралап, жарнамаларды бояды.  Тротуарларға салауатты өмір салтына шақыратын мәтіндер және есірткіге қарсы қызметтің байланыс деректері салынды.

СҚО  есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы   Жандос Басыбаевтың айтуынша, нашақорлықтың алдын алу жұмысы басым  бағыттардың бірі. Республикалық айлық шеңберінде аталған жұмыс күшейтілді.  Бұған дейін есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жастарға қаланың ең ірі кинотеатрына жаппай кинокөрсетілім, кинологиялық орталыққа экскурсиялар, арнайы сабақтар, дөңгелек үстелдер, акциялар ұйымдастырды. 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне дейін полицейлер танымал спортшылардың қатысуымен жаппай жүгіруді, сондай-ақ ашық аспан астында концерт өткізуді жоспарлап отыр.

Жыл басынан бері  СҚО-да 99 есірткі қылмысы тіркелді, 60 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Заңсыз айналымнан 18 келіден  астам түрлі есірткі заты, оның ішінде 1 келіден  астам түрлі синтетикалық есірткі тәркіленді.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz