Петропавл әкімдігі Бөкетов көшесі қашан қалпына келтірілетінін хабарлады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бөкетов көшесін қалпына келтіру жұмыстары былтыр басталғанымен, әлі жұмыстар яқталған жоқ.      Жекелеген кәсіпорындар мен жобалаушылардың аарсындағы өзара келісімнің болмауынан, жұмыс ұзаққа созылып кетті,  деп хабарлайды   Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл жұмыстарға мемлекеттік бюджеттен 53 млн.теңге бөлінді.

— Басында барлық қызметтермен келіілген жоба болатын. Біз барлығының  қорытындыларын  алдық. Яғни, барлығы бұл учаскеде өздерінің  желілері туралы толық ақпарат бермеген.   Барлық коммуналдық қызмет кәсіпорындарымен бірге шыққан кезде,   жобаны қайта жасау туралы шешім қабылдадық, — деді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин.

Өңір басшысы жергілікті депутаттарға өңірдегі барлық жөндеу жұмыстарының барысын, әсіресе жолды  қалпына келтіруді бақылау туралы  бірнеше рет тапсырма берді. Бірақ бәрі де өз міндеттемелеріне жауапкершілікпен қарамайды. Мысалы, партиялық бақылау тобының мүшелері осы күнге дейін бірде-бір рет бұл нысанда болмаған.

— Бүгін біз бірінші рет жолға шықтық, енді бұл мәселені бақылауға аламыз. Жақын арада біз бұл мәселені Петропавл қаласының ТҮКШ бөлімімен талқылаймыз деп жоспарлап отырмыз.  Иә, бұл біздің кемшілігіміз шығар, бірақ қалада біздің  баруымыз  қажет басқа да нысандар бар, — дейді партиялық бақылау тобының мүшесі Юрий Бацанов.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz