Петропавлда Медицина қызметкерлері күні аталып өтті

Авторы: Qyzyljar News

Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында 19 маусым — Медицина қызметкерлері күніне орай іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов қатысып, солтүстікқазақстандық дәрігерлерді кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– Дәрігер әлемдегі ең маңызды әрі құрметті мамандық. Өйткені, оларға адамның өмірін сақтау міндеті артылады. Сол үшін сіздердің жұмыстарыңыз ерлікке пара-пар. Әсіресе короновирус індеті кезінде дәрігерлер қауымының қоғамымыз үшін қаншалықты маңызды рөл атқарғанын аңғардық. Баршаңызға қажымас қайрат, жұмыстарыңызда мол табыс тілеймін, – деді өңір басшысы құттықтау сөзінде.

Құттықтау сөзінен кейін облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңіріміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға ұзақ жыл бойы зор үлес қосқан абзал жандарды марапаттап, бірқатарына облыс әкімі мен Денсаулық сақтау министрінің құрмет грамотасы мен алғыс хаттарын табыс етті.

Фото Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz