Ақ-Ирий қалашығын зерттеу жұмыстары жалғасуда

Авторы: Qyzyljar News

Kozybayev Universitу студенттері Қызылжар ауданына қарасты Долматово ауылының маңында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

2,5 мың жылдық тарихы бар Ақ-Ирий қалашығы алғаш рет зерттеліп отырған жоқ. Ескерткіштер ерте темір дәуіріне жатады. Нақтырақ айтсақ, біздің заманымызға дейінгі 5-ші ғасырға тиесілі орын.

– «Ақ» деген ақ түс, ал «Ирий» иран тілінен аударғанда «жұмақ» дегенді білдіреді. Осылай деп аталу себебі, бұл жер кезінде өте жайлы әрі таза қоныс болған. Қалашық жақсы ойластырылып салынған және 3 жағы жар. Яғни, жау басып кіре алмайтындай орында тұрғызылған. Оны 1968-шы жылы тауып, 2004 жылы қаза бастадық. Бұл – өте сирек кездесетін орын. Қазіргі күні бұл жерден пештің өзге де түрлерін тауып жатырмыз. Оны не үшін пайдаланғандарын алдағы уақытта анықтаймыз, — дейді археологиялық экспедиция жетекшісі Анатолий Плешаков.

Фото: skolib.kz

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz