СҚО-да 50-ден астам заңсыз сақталған қару тәркіленді

Авторы: Qyzyljar News

Жыл басынан бері облыс аумағында азаматтық қаруды сақтау және қайта тіркеу ережелерін бұзудың 562 фактісі анықталды. Полицияға қаруды өз еркімен тапсыру науқаны барысында 23 қару тапсырылды. 56 қару тәркіленіп, 403 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Маусымның 13-і күні «Жол-көлік оқиғаларын – тоқтатамыз» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Есіл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі сағат бір шамасында Черуновка ауылында «GREAT WALL» көлігін тоқтатты. Нәтижесінде машинаның салонынан екі аңшылыққа мылтық табылды, біреуі тіркелмеген болып шықты. Петропавл қаласының 44 жастағы азаматына «ТОЗ-63» 16 калибрлі аңшы мылтығын заңсыз сақтағаны үшін хаттама толтырылды. Қару сараптамаға жіберілді.

-Барлық қару иелерін сақтау ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Естеріңізде болсын, немқұрайдылықтың арты жақсылыққа апармайды. Өз еріктеріңізбен тапсыру үшін учаскелік инспекторларға жүгіну қажет немесе «102» арнасына хабарласу керек», — деді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Фото: СҚО ПД баспасөз

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz