СҚО-да синтетикалық есірткі сақтаған 19 жастағы тұрғын ұсталды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстікқазақстандық полицейлер 19 жастағы тұрғынынан синтетикалық есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Есірткі заттарын сақтау және тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс жүргізілуде. Жедел іс-шаралар барысында СҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Лада Гранта» автокөлігін тоқтатқан. Көлік ішінен ақ түсті зат салынған пакет алынды. Сараптама алынған зат жалпы салмағы 63,25 грамм «скорость» синтетикалық есірткісі екенін көрсетті.

Есірткі жасырды деген күдікпен Қызылжар ауданының тұрғыны ұсталды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-б. «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған бап бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көздейді.
Жалпы жыл басынан СҚО полицейлері заңсыз айналымнан 18 килограмнан астам есірткі тәркіледі.

Фото: ашық дереккөзден 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz