Халықаралық әкелер күніне орай ұйымдастырылған шараны «Рух. Тіл. Жаңғыру» қоғамдық бірлестігі «QYZYLJAR Art» орталығында өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Әкелер күні маусым айының үшінші демалысында аталып өтеді. Мереке әлемнің 80-нен астам елінде кең ауқымда тойланады.
– Отбасы институтын қалыптастыру, бала тәрбиесіне әкелердің араласуына мүмкіндік жасау өте маңызды. Әке тәрбиесі – бүлдіршіндердің мінез-құлқы мен өмірлік ұстанымын қалыптастыру үшін өте қажет. Әсіресе, әке тәрбиесін көрген ер балалар өмірдің кез келген сынағына дайын болады, — дейді облыстық «Қазақ тілі» қоғамы филиалының және «Білім-иновация» лицейі жанындағы әкелер кеңесінің төрағасы Жанат Мұхамеджанов.
«QYZYLJAR Art» орталығында өткен спорттық-интерактивті бағдарламаға жиналғандар көңілді эстафеталарға қатысып, шахмат, асық, тоғызқұмалақ ойындарынан жарысты.
Фото: muzeisko инстаграм парақшасынан