Петропавлдағы Мағжан Жұмабаев көшесі жаңа кейіпке енбек

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда  «Мағжан. Жаралы жолбарыс» атты төрт бөлімнен тұратын фильм түсіріліп жатыр. Алаштың арда перзенті, ақиық ақын, жерлесіміз туралы телевизиялық жобаны «Qazaqstan» ұлттық арнасы қолға алды. Түсірілім алаңдарының бірі – Петропавлдағы «Қалыңдық» үйінде  облыс әкімі Құмар Ақсақалов та болып, актерлермен тілдесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тарихи сәулет ескерткіші саналатын бұл орындағы жәдігерлер  ақынның өмір сүрген кезеңімен сәйкеседі.  Сол себепті де таңдау осы ғимаратқа түскен.  Телевизиялық жобада көпес Бичуриннің рөлін сомдайтын белгілі актер Азамат Сатыбалдының айтуынша, Қызылжардағы ескі ғимараттар еліміздің өзге қалаларында жоқтың қасы.

– Қызылжар өлкесі – тарихи фильмдерді түсіруге таптырмас орын. Біз, актерлер осында келіп, қаланың архитектурасына ғашық болдық. Облыстың шұрайлы табиғаты көз сүйсіндіреді. Мұндай жерде әйгілі ақын-жазушылардың дүниеге келуі – заңдылық. Бұл фильм облыстың атын танытып, туризм саласының дамуына серпін беретініне сенімдімін, – деді Азамат Сатыбалды.

Өз кезегінде облыс әкімі Құмар Ақсақалов актерлердің еңбегін жоғары бағалап, бұл фильм Мағжан рухына тағзым етудің  бір белгісі екенін айтты. Сондай-ақ өңір басшысы ақынның есімін иеленген  көшенің бойындағы ескі үйлер сүріліп, келер жылдан бастап жаңа заманауи баспаналар бой  көтеретінін жеткізді.

– Қазақтың аяулы ұлы көзі тірісінде еліміздің тәуелсіздігі үшін күресті. Оның мол әдеби мұрасы – өміршең қазына. Біздің бүгінгі ұрпақтың басты міндеті – жерлесіміздің шығармаларын зерделеп, есімін ұлықтау. Биылдан бастап қаламыздағы Мағжан Жұмабаев  көшесін жөндеуге кірістік. Ақынның 130 жылдығы қарсаңында тұрғындарға үлкен сый жасамақпыз, – деген Құмар Іргебайұлы түсірілім тобына сәттілік тіледі.

Кездесу кезінде облыс әкімі облыста мәдениет саласына айрықша көңіл бөлініп отырғанын тілге тиек етті. Биыл «Жас Өркен» шағынауданында жаңа заманауи қазақ театрының құрылысы аяқталады.

Фото: Талғат Тәнібаев Qyzyljarnews.kz. 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz