Жолдағы қауіпсіздік: СҚО-да республикалық маңызы бар бір ғана тас жолда 64 жол белгісі стандарттарға сәйкес келмейді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО бойынша жол активтері ұлттық сапа  орталығының мамандары жол белгілерінің жарық шағылу  коэффициентіне зерттеу жүргізді, деп хабарлайды   Qyzyljarnews.kz тілшісі.

М-51 республикалық маңызы бар автожол учаскесіндегі 524 белгі ретро-рефлектометрмен тексерілді. Бұл RL және Qd жол белгілерінің оптикалық мүмкіндігін  өлшеуге арналған портативті  құрал. Оның көмегімен түнде және күндіз көріну, жарық шағылу коэффициенті тексеріледі.

524 белгінің 64-і ж нормативтік талапқа сай келмейтіні  анықталды.

— Қазіргі заманғы жол белгілері   жарық шағылатын  пленканы қолдана отырып жасалған. Бұл негізінен қараңғыда белгіні алыстан байқауға мүмкіндік береді, яғни көлік фарларынан түскен жарықтың әсерінен алыстан көрінеді. Егер күндізгі уақытта   қажет болмаса,  түнде белгілердің қашықтан көрінгені апаттан сақтайды,  – деп түсіндірді жол активтері орталығы филиалының мамандары.

Тексеру қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz