Қазақстанда ай сайын онлайн-жәрмеңке өткізілетін болады

Авторы: Qyzyljar News

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанда ай сайын электронды еңбек биржасында бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесі өтетінін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— 24-30 маусым аралығында бірінші онлайн- жәрмеңке ұйымдастырылады. Ол ай сайын өткізіліп отырады, — деді министр Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, бұл жоба қазақстандықтарға бос жұмыс орындары туралы ақпарат беріп, жұмысқа қабылдау процесінің ашықтығын, жұмыс берушілер үшін сапалы іріктеуді жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, 2022 жылы Ұлттық жобалар аясында 269 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.

— Бүгінгі таңда электрондық еңбек биржасында 691 кәсіпорын 13 609 жұмыс орнына мыңнан астам жобаны орналастырды. Онда тек біліктілік талаптары ғана емес, сонымен қатар жалақы мөлшері мен жұмыс сипаттамасы да бар. Бүгінгі таңда бос жұмыс орындарына жүгінгендердің саны бес мыңнан асты, олардың ішінде мың адам жұмысқа орналастырылды. Жобалар мен бос жұмыс орындардың тізімі осы жобалардың дайын болуына қарай жаңартылады, — деді Тамара Дүйсенова.

Министр электрондық еңбек биржасы шеңберінде қызметкерлерді жалдау процесінің артықшылықтарын атап өтті. Ашықтық пен қолжетімділік, жұмыспен қамту мәселелерінің жаңа мәдениетін қалыптастыру, халықты мемлекет тарапынан қолдау шаралары туралы хабардар ету мүмкіндігі баста назарда болмақ.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz