Петропавлдағы үйлердің 30%-ы мүлік иелері бірлестіктеріне өтті

Авторы: Qyzyljar News

Еліміздің «Тұрғын үй мәселелері» туралы заңына сәйкес 1 шілдеге дейін пәтер иелері кооперативтерінің орнына мүлік иелерінің бірлестіктері мен қарапайым серіктестіктер құрылуы тиіс. Бүгінгі таңда облыс орталығындағы баспаналардың 30 пайызы жаңа жүйеге қосылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев көшесіндегі 183 үйдің МИБ төрағасы Виталий Кульдың айтуынша, заң жобасы Мәжілістің қарауында. Мүлік иелері бірлестігі төрағасы өзгерістің бірнеше артықшылықтары бар дейді. Атап айтса, ескі жүйеде ортақ мүлікті басқарып, жөнге келтіру үшін 20-30 тұрғын үйдің есепшоты бір болып, бір жүйеден басқарылып отыратын. Енді бір үйге — бір бірлестік — бір есопшот жүргізіледі.

— Бұл көппәтерлі тұрғын үйге екі есеп-шот жүргізіліп отырады. Бірінші ағымдағы, екіншісі жинақ есеп — шоты. Жиналған барлық қаражат осы үйдің күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалып, әр тиынға есеп беріледі. Үй айтарлықтай ескі болғандықтан жақында жылу құбырлары мен жертөлелерді жөндеуді бастаймыз,- мүлік иелері бірлестігінің төрағасы.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz