Елімізде құс фабрикаларына субсидия артады

Авторы: Qyzyljar News

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына тағамдық жұмыртқаны субсидиялауды қосу туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Енді отандық жұмыртқа бағытындағы құс фабрикалары 1 шілдеден бастап, бір жұмыртқа үшін 3 теңге мөлшерінде субсидия алуға өтінім бере алады. Биыл тағамдық жұмыртқаны субсидиялауға республикалық бюджеттен 6,5 млрд теңге бөлінді. Ал өткен жылы жұмыртқа өндіретін құс шаруашылығын қолдауға 4,3 млрд теңге бағытталды. 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанда құстардың саны 3,7% -ға, яғни 47,1 млн басқа дейін өсті.

Сонымен қатар, тауық жұмыртқасының өндірісі 12,1% артып, 1559,5 млн дананы құрады.

Фото: ашық дереккөзден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz