Петропавлдық тасымалдаушылар субсидия ала алмай жүр

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдық тасымалдаушылар уәде етілген субсидия төленбегендіктен, үлкен шығынға ұшырап жатқандарын айтып, наразылықтарын білдіруде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің отырысында «СҚО Автокөлік одағы» қауымдастығының төрағасы Галина Семенова былтыр және биылға қарыздың жалпы сомасы 500 млн теңгеден асқанын айтты. Тасымалдаушылар әлеуметтік маңызы бар бағыттарға және азаматтардың жекелеген санаттарын жеңілдікпен тасымалдауға субсидиялар алады.

Кәсіпкерлер лизингке бір -біреуі — 40 млн теңге тұратын қымбат автобустар сатып алған. Енді 7 жыл бойы «Солтүстік» ӘКК қарыз төлеуі тиіс. Келісім-шарт орындалмаса, әр күн үшін 0,1% жоғары өсімақы есептеліп отырады.

— Біз былтыр қыркүйек айында жұмыс істей бастадық, қараша айында субсидия төлеген жоқ. Бірақ сол кезде қиындықтан өз күшімізбен, лизингтік төлемдерді өтедік. Желтоқсан айында 2021 жылға субсидиялауға салынған қаражат жеткіліксіз екені белгілі болды. 450 млн төленеді деген әңгіме болған. ӘКК біздің есеп- шоттарымызды бұғаттап, өсімпұл жүре бастады. Облыс әкімдігіне, кәсіпкерлер палатасына жүгіндік. Сол кезде облыс әкімдігі бюджетті нақтылау кезінде қалалық әкімдікке субсидиялар бойынша берешекті өтеуге қаражат аударуға мүмкіндік табатыны туралы келісімге қол жеткіздік. Бұл қаражат бөлінбесе, лизингті төлей алмаймыз. Қазірдің өзінде төлей алмай отырғандар бар. Кәсіпорындардың бірі қызметкерлеріне жалақыбере алмай отыр, — деді Галина Семенова.

Биыл тасымалдаушыларға қаңтар, ақпан және наурыз, сәуір айларына субсидиялар төленді, ал мамыр айына қаражат аударылмаған.

— Субсидиялауды есептеу тасымалдаушылардың өздерімен бірге жүргізілді. Сол кезде 450 млн теңгеге тоқтадық. Өткен жылдың төртінші тоқсанында жанар-жағар май бағасы көтерілді. Тасымалдаушылардың шығындары артты. Қосымша есептеулер жүргізілді. Қарыз пайда болды. Біз облысқа бюджеттік өтінім жаздық, оның негізін дәлелдедік. Қалалық бюджеттен қарызды төлей алмаймыз, — деді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Жанболат Батырбеков.

Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz