Солтүстікқазақстандық полицейлер 12 күнде 54 мас жүргізушіні ұстады

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстікқазақстандық полицейлер жол қауіпсіздігін қатаматасыз ету мақсатында 2 апта бойы күшейтілген режімде жұмыс істеді. «Жол-көлік оқиғасын тоқтатамыз» акциясының 12 күнінде мас күйде көлік тізгіндеген 54 жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Іс-шара кезінде облыс жолдарында 3317 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 600-ден астам жылдамдық режімін бұзу фактісі анықталды, бұл әсіресе жауын-шашын кезінде қауіпті, дымқыл асфальт көліктің тез тоқтауына кедергі келтіреді. Бұдан бөлек, 35 жүргізуші жаяу жүргіншілерді өткізбеген, төртеуі қарсы бағытқа шығып кеткен. Бұрын басқару құқығынан айырылып, рөлге отырған 14 жүргізуші әкімшілік жазаға тартылды. Мотоцикл жүргізушілеріне қатысты 53 хаттама толтырылды, — деді СҚО Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz