Кітапхана сөрелері 300-ге жуық жаңа еңбектермен толықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Келіп түскен жаңа туындылардың ішінде «Бубаның қызықты оқиғалары», «Барби, қызықты мамандықтар», «Динозавры», «Единорог и его друзья», «Синий трактор», «Мимишки» сынды кітаптар бар. Кішкентай оқырмандар «Дэвар» баспасының ертегілерін оқып қана қоймай, тыңдай да алады. Бірнеше бөлімнен тұратын «Гравити Фолз» романы да оқырманның жүрегіне жол тартпақ.
Детектив жанрында жазылған жазушы Нэнси Дрюдің «Жас қыздың шытырман оқиғалары», Екатерина Вильмонттың жинақтары оқырманды бей-жай қалдырмасы анық. Ағылшын жазушысы Жоан Роулиннің «Хәрри Поттер» сериясының екінші кітабы «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме» деп аталады. Динара Мәзен шығарманы ағылшын тілінен қазақшаға аударған.
Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев