Республикалық «Мерейлі отбасы» байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

Авторы: Qyzyljar News

«Мерейлі отбасы» байқауының қалалық кезеңінде үздік атанған отбасылардың бірі – 3 жыл бұрын шаңырақ көтерген Шамшудиновтер. Олар бүгінде 2 бала тәрбиелеп отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– Отбасылық құндылықтарды дәріптеуді көздейтін конкурсқа қатысқаныма қуаныштымын. Біз байқау барысында ұлымыздың жетістіктерін көрсетуге тырыстық. Қазылар алқасы біздің еңбегімізді жоғары бағалады. Енді алдағы облыстық кезеңге дайындалуымыз қажет, – дейді Ринат Шамшутдинов.

Байқау мамырды 15-і басталды. Оған қатысу үшін 20-ға жуық отбасы өтінім берген. Келесі кезеңге соның алтауы ғана іріктелді. Үлгілі отбасылардың барлығына Алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етілді. Ал үздік деп танылғандарына ақшалай сыйлық берілді.

– Отан отбасынан басталады. Бала тәрбиесіне ерекше мән беретін отбасыдан ел игілігі үшін қызмет ететін адал перзент шығады. Отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында осындай байқауларды жиі ұйымдастырып тұрған абзал. Сайыстың қорытындысы бойынша екі отбасы облыстық кезеңге жолдама алды, – дейді қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Ыбыраев.

“Мерейлі отбасы” байқауының облыстық кезеңі осы жазда өтеді. Оған қалалық кезеңде үздік атанған Шамшудиновтер мен Мухиндер отбасы қатысады.

Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz