Солтүстікқазақстандық оқушылар Мағжан Жұмабаевтың туған жерін зерттеуге аттанды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Туған елге тағзым” өлкетану-зерттеу экспедициясы жалғасуда. Шараның үшінші күнінде оқушылар Мағжан Жұмабаев ауданына аттанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

25 маусым қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, сыршыл ақын, Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың туғанына 129 жыл толады. Экспедицияға аттанған балалар алдымен Сарытомар ауылындағы Мағжан Жұмабаевтың мұражайына ат басын тіреді. Мұнда ұлы ақынның кез-келген музейде кездесе бермейтін өзі қолданған заттар жинақталған. Оқушылар Мағжанның бабаларының өмірі мен қызметі жайлы баяндайтын құжаттармен танысты.Сондай-ақ, Жұмабаевтар әулетінің сирек фотолары мен Мағжанның сақталып қалған жалғыз кітабын көрді. Музейге арнайы келетін зерттеуші ғалымдар да өздері жинақтаған мәліметтерін осы жерде қалдырып, ұлты үшін күресіп өткен жанның қызметіне қатысты зерттеулерімен бөлісіп отырады. Балалар деректерді өздеріне түртіп алып, алда өз жұмыстарында қолданбақ.

Бұдан соң “Ұрпақ” шаңырағының оқушылары мен өзін-өзі басқару ұйымының өкілдері аудан орталығы Булаев қаласына ат басын тіреп, аудандық тарихи-өлкетану мұражайын аралады Бұл жерде осы өлке тұрғындарының түрлі жылдардағы өмірі мен тұрмысын баян ететін деректер мен тарихи жәдігерлер сақтаулы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz