Мамыр айының соңында Әуезов көшесіндегі үйлердің тұрғыны таңертең подъезге шығып, велосипедінің жоғалғанын көргесін, бірден полицейлерге хабар берген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қалалық №2 полиция бөлімінің қызметкерлері облыс орталығының 22 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Белгілі болғандай, пысықай түнде подъезге кіріп, велосипедті алып кеткен. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұрланған мүлік иесіне қайтарылды.
-Қазіргі уақытта істің материалдары сотқа жіберілді. Велосипед алынып, иесіне қайтарылды. Қос дөңгелекті көліктеріңізді қараусыз қалдырмауларыңызды сұраймыз. Арнайы құлыппен бекіткен жөн және камералар орнатылған орындарда қалдыру қажет. Жоғалған жағдайда бірден полицияға хабарлау керек, — дейді Петропавл қ. ПБ №2 полиция бөлімінің бастығы Талғат Смағұлов.
Петропавлда жыл басынан бері 38 велосипед ұрланған.