СҚО-да аграрлық колледж туризм саласы мамандарын даярлайтын оқу орнына айналмақ

Авторы: Qyzyljar News

Лобаново ауылындағы ауыл шаруашылығы колледжінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілуде. Оқу орны бірнеше жыл бойы студенттерді қабылдамай келген еді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңірдегі жастар аграрық колледждегі оқуға құлық танытпаған. Салдарынан бірнеше ғимарат, жатақханалар мен қоймалар қаңырап бос тұрды. Ал педагогикалық ұжым жұмысынан айрылды. Қалған студенттер аудан орталығына немесе Көкшетау мен Петропавлға барып оқуға мәжбүр болыпты.

— Колледж жабылғаннан кейін екі жыл бойы тұрғындар жазып, өтініш білдіріп жүрді. Мұндай бағыттағы оқу орны Петропавл мен Көкшетауда орналасқан. Бірақ, бізге алыс, — дейді Лобанов ауылдық округінің әкімі Екпін Шайғузов.

Біраз уақыттан кейін инвестор табылып, оқу орны 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берілген.

— Биыл жөндеу жұмыстарына 160 миллион теңге бағытталды. Қажетті құрал — жабдық, жиһаз, оқулықтарға 145 миллион инвестиция салдық, — деді колледж директорының орынбасары Әйгерім Оспанова.

Лобанов Имантау-Шалқар курорттық аймағында орналасқан, сондықтан қазір мұнда туризм саласы үшін мамандар даярлауға баса назар аударылған. Алдағы екі жылда колледжде 100 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

Фото: 24.kz сайтынан

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz