СҚО-да әскери оқу-жаттығу жиындары аяқталды

Авторы: Qyzyljar News

Өңірдегі жоспарлы әскери жиын өз мәресіне жетті. Оған 78 әскери қызметкер қатысты. Жиында жақсы нәтиже көрсеткендерге кезекті әскери шен берілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әскери жиындар «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына, облыс әкімдігінің  қаулысына сәйкес жоспарлы түрде өткізілді. Жабылу салтанатында өңір басшысының орынбасары Сәтжан Аблалиев сөз сөйлеп, сарбаздарды оқу жаттығу жиындарының сәтті аяқталуымен құттықтады.

— Аталған оқу-жаттығу жиындары жоғары деңгейде өтіп, толық тәжірибелерініздің артуына үлес қосты деп ойлаймын. Ұйымдастырушылар жоғары деңгейде қызмет етіп өздерінің тәртіптілігін, тәжірибелерін көрсете білді. Алдын ала деректер бойынша біздің қорғаныс министрлігінің де жоғары бағаларын алуда, — деді Сәтжан Аблалиев.

Сөз алғандар қатарында Қазақстан Республикасы  Ұлттық Ұлан Әскери академиясының бастығы Бауыржан Абжанов та болды. Оқу жаттығу жиындарына атсалысқан 12 қызметкерге облыс әкімінің алғыс хаты табасталды. Әскери бөлім командирінің бұйрығына сәйкес 31 әскери қызметкерге аға сержант, сержант , кіші сержант және эфрейтер атақтары берілді.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz