Петропавлда Алаштың ардақты ұлы, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, біртуар ақын Мағжан Жұмабаевтың құрметіне арналып дәстүрлі «Мағжан оқулары» республикалық-шығармашылық байқауы өтті. Әдеби сынға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған оқушылар қатысып, үш номинация бойынша бақ сынады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Сайыс қорытындысы бойынша «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» – Мағжан шығармаларын жатқа оқу номинациясында Түркістан облысының тумасы Азамат Шакизадов , «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» – жас дарындар конкурсында Қызылордалық Әсел Мәулен, «Жасынан оқу оқып, өнер қуған…» – ғылыми жоба жұмысында солтүстікқазақстандық Елнара Мықтыбай 1 орын иеленді. Бас жүлде, әкімнің арнайы сыйлығы – теледидар Алматы қаласынан келген қатысушылар Нартай Байқанат пен Айнара Айсанға бұйырды.
Үздік нәтижеге қол жеткізген оқушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Кейін қонақтар Петропавл қаласында Мағжан ескерткішіне гүл шоғын қойып, ақынның туған жеріне де барды.