Петропавлда үш тұрғынды пышақтап кеткен күдікті суицид жасады

Авторы: Qyzyljar News

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, маусымның 11-і түнде Береке ықшам ауданындағы Ыбыраев көшесіндегі аулалардың бірінде күдіктілер 3 петропавлдыққа пышақ сұққан. Ұсталғандардың біреуі уақытша ұстау изоляторында суицид жасады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жапа шеккен 29, 32 және 34 жастағы қала тұрғындары ауруханаға жеткізілген. Жедел іс-шаралар барысында полицейлер 35 пен 43 жастағы күдікті екі ер адамды анықтады.

Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Анықталғандай, қаладағы дәмханалардың бірінде тұрғындар арасында жанжал туындаған. 3 адамды пышақтап кеткен күдіктілердің бірі Петропавл қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторында суицид жасады. Аталған факті тіркеуге алынып, Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша іс қозғалды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz