Жарылғыш зат туралы жалған хабар берген петропавлдық 1 жылға сотталды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл тұрғыны жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар бергені үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Алкогольдік ішімдікке тойып алған ер адам 14 ақпан күні «102» арнасына Заводская көшесіндегі үйдің подъезінде жарылғыш заттың тұрғанын хабарлаған. Мекен жайға патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, жарылғыш заттар мен жұмыс істейтін техниктер және басқа да шұғыл қызметтердің өкілдері жетті. Тексеру барысында жарылғыш зат табылған жоқ, жалған ақпапрат берген ер адам ұсталды.

8 маусымда Петропавл қалалық соты «жалған террористті» бір жыға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауға үкім шығарды.

-Ер адамның бұл әрекетімен қалалықтардың мазасын алды. «Телефон терроризмі» үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабының санкциясына сәйкес ірі көлемдегі айыппұл мен 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін естен шығармаған жөн», — дейді СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының Руслан Жарасбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz